Қорғаныс министрлігі маңында жарылған автокөліктің фотосуреті пайда болды

10 Ақпан 2015, 15:43
4
Қорғаныс министрлігі маңында жарылған автокөліктің фотосуреті пайда болды - Фотоны Тengrinews.kz редакциясына куәгерлер ұсынды
Фотоны Тengrinews.kz редакциясына куәгерлер ұсынды

Қорғаныс министрлігі ғимараты маңында жарылған автокөліктің фотосуреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Tengrinews.kz тілшісіне Арман Сыздықовтың Қорғаныс министрлігінің ақпараттандыру және телекоммуникация бас басқармасында жұмыс істегені белгілі болды. Куәгерлердің мәліметінше, марқұмның қолында гранатаның мұрындығы болғанға ұқсайды. Сондай-ақ редакция оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерге қол жеткізді. 

Арман Сыздықов

Бұған дейін Астанада ҚР Қорғаныс министрлігі ғимараты маңында автокөлік жарылып, бір әскери қызметшінің қаза тапқаны хабарланған еді. "Бүгін Астанада Достық көшесінде ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің қызметшісі, подполковник, 1975 жылы туған Сыздықов Арман Қайдарұлы отырған Chevrolet маркалы автокөлікте жарылыс болды. Алған жарақатынан ол оқиға орнында қайтыс болды, көшеден өтіп бара жатқандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ", - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.

Оқиғаны тергеу үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Оқиға орнынан өлім алдындағы хат табылды, лаңкестік әрекет туралы болжам жоққа шығарылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай