03 наурыз 2017 15:29

Қостанай облысында 13 жастағы үш қыз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alau.kz © alau.kz

Қостанай облысында 13 жастағы үш қыз жоғалып кетті. Бұл туралы "ВКонтакте" желісінде Динара Тостаулетова есімді қолданушы "Костанай. Отзывы о заведениях" тобында жариялады. Олардың Лисаковскіден Қостанайға қашып кеткені белгілі, бірақ қазір қайда екені беймәлім, - деп хабарлайды "Алау" порталы. 

Қыздардың жоғалғаны туралы мәліметті Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері растап берді. 

"Кеше 13 жастағы қыздар жоғалып кетті. Қазіргі уақытта полицейлер оларды іздестіріп жатыр, олардың суреттері мен есімдері барлық жерге жіберілді, жұмыс істеп жатырмыз", - деді ІІД өкілі. 

"Достар, көмектесіңіздер, 13 жастағы екі қыз жоғалып кетті. Оларды көрген біреулер болса, хабарласыңыздар. Оларды табуға көмектесіңіздерші, өтініш", - деп жазды Динара Тостаулетова. 

Сонымен қатар, Динара жоғалған қыздардың есімдерін жазды. 

"Рада Бобренка, Адиля Ахетова, 13 жаста. Олардың Қостанайға кетіп қалғаны және сонда жүргені туралы мәлімет бар. Рада ашық жасыл күрте киген, сұр түсті бөрік киген, өзімен бірген қара портфелі бар. Адилия алқызыл түсті күрте және сұр түсті бөрік киген", - деп жазды қыз.

Үшінші жоғалған қыз туралы мәліметтер әзірше жоқ. Динара қыздардың 2 наурызда шамамен тағы 10:00-де жоғалғанын айтады. Олардың ата-аналары полицияға хабар берген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети