23 маусым 2014 12:50

Қостанай облысында жоғалған қыз Астанадан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аlau.kz ©Аlau.kz

Қостанай облысының Затобол елді мекенінде бір ай бұрын жоғалған қыз бала Астанадан табылды, - деп хабарлайды Alau.


Қостанай облысының Затобол елді мекенінде бір ай бұрын жоғалған қыз бала Астанадан табылды, - деп хабарлайды Alau.

15 жастағы Гүлмира Салықова 24 мамыр күні жоғалып кеткен. Ол ата-анасымен сөзге келгеннен кейін үйінен кетіп қалған. Қыздың айтуынша, ол жол-жөнекей көліктерге отырып, Астанаға жетеді. Жолда танысқан бір әйел қызды үйіне жатқызған. Бұдан кейін Гүлмира жұмысқа орналасып, әйелдің бір бөлмесін жалға алады.

Қыз табылғаннан кейін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болды. Орталық психологы Ольга Кабижанның айтуынша, қыздың жайы күрделі. Ол тұйық, ешкіммен сөйлескісі келмейді. Бүгін Гүлмира Қостанайдағы ата-анасына жеткізілді.

Еске салайық, қызды іздеуге құқық қорғау қызметкерлерімен бірге еріктілер де атсалысқан еді. Олар парақшалар таратып, аумақты шолып шықты. Гүлмира үйінен бірінші рет қашып кетіп отырған жоқ, сол себепті ол ішкі істер органдарының есебіне алынды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети