Қостанай облысында жоғалып кеткен үш қыз табылды

03 Наурыз 2017, 17:10
0
Қостанай облысында жоғалып кеткен үш қыз табылды - © alau.kz
© alau.kz

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер жоғалып кеткен үш қыздың табылғанын айтты, - деп хабарлайды Alau.kz.

"Қыздар Қостанайдағы Орталық базардан табылды. Жағдайлары дұрыс - аман-есен, сау. Қыздар жай серуендепті. 800 теңге төлеп, автобуспен келген. Содан Қостанайға автобуспен жетіп, онда ересектерше өмір сүргісі келген", - деді ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Балсұлу Алекенова.

Қыздардың танысымен алдын ала келісіп, сол үйде түнеп шыққаны айтылады. Қазіргі уақытта қыздар Лисаковскіге жіберілді.

"Кәмелетке толмағандармен айналысатын учаскелік полицейлер оларды үйіне алып кетті", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанай облысында 13 жастағы үш қыздың жоғалып кеткені хабарланған болатын. Бұл туралы "ВКонтакте" желісінде Динара Тостаулетова есімді қолданушы "Костанай. Отзывы о заведениях" тобында жариялаған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай