Қостанай облысында үйден шыққан өрттен екі сәби қаза тапты

18 Желтоқсан 2019, 08:58
0
Қостанай облысында үйден шыққан өрттен екі сәби қаза тапты -

Қостанай облысында жеке үйде өрт шығып, төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі qostanai.media-ға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 15 желтоқсанда Торғай кентінде болған. Отбасы кешкі асқа отырғанда өрт шыққан. Үйде 10 адам тұрады - бес ересек және бес бала. Өрт басталғаннан кейін 20 минуттан соң шатыр құлаған.

Күйік шалған 1997 жылы туған қыз бен 33 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды. Олардың денесінің 40 және 45 пайызын күйік шалған. 2009, 2011 және 2014 жылы туған үш бала Арқалық қалалық ауруханасына жеткізілген.

Өрт орнында 1938 және 1985 жылы туған екі әйелдің мәйіті табылды. Сондай-ақ, жасы бірге жетпеген екі бала қаза болған.

Тілсіз жаудың себебін Қостанай облысы ТЖД мамандары анықтайды. Оқиға орнында зақымдалған газ баллоны табылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай