Қостанайда қоқыс жәшігінен нәресте табылды

23 Мамыр 2018, 09:16
0
Қостанайда қоқыс жәшігінен нәресте табылды -

Қостанайда қоқыс жәшігінен нәресте табылды, - деп хабарлайды "Алау".

Басылымның мәліметінше, оқиға 22 мамырда күндізгі уақытта болған. Нәресте Қостанайдың туберкулез диспансері маңындағы қоқыс жәшіктерінің бірінен табылған. Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем қызметі барған. Нәрестені жәшіктен полицейлердің бірі алып шыққан.

Басылымның мәліметінше, нәресте Қостанай облыстық ауруханасына жеткізілген. Бұл мәліметті Қостанай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері Ксения Жилкибаева растады.

"Жедел жәрдем қызметіндегілер жаңа туған сәбиді облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Нәресте аман-есен, бірақ жағдайды өте ауыр. Әлі комада. Жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады Ксения Жилкибаева.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай