Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Қою қара түтін мен жарылыс дыбысы Астана тұрғындарын шошытты 07 маусым 2023, 15:10

Астанадағы өрттен шыққан қою қара түтін тұрғындарды алаңдатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

видео кадры

Астанадағы өрттен шыққан қою қара түтін тұрғындарды алаңдатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 7 маусым күні түскі сағат 12:55 шамасында Қажымұқан көшесінде болған. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өртсөндірушілер келгеннен кейін "Ренессанс" кешенінің 60 шаршы метр аумағындағы дәмхананың жазғы алаңы өртенген.

ТЖД қызметкерлері газ баллонының жарылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Газ-ауа қоспасының жарылысы болған. Қазір өрт сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін астаналық тұрғын үй кешендерінің бірінің жерасты көлік тұрағынан өрт шыққан болатын. Ол жерде шамамен 100 шаршы метр аумақтағы қойма мен алты көлік өртенгені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram