21 ақпан 2015 10:00

"Курицы Актобе" әкімшісіне бір қыздан ақша бопсалады деген кінә тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vk.com ©vk.com

"ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Курицы Актобе" тобының әкімшісі 2 мың долларды бопсалады деп айыпталып отыр. Шымкентте тұратын бір қыз полицияға әкімшінің үстінен шағым түсірген, - деп хабарлайды Times.kz.


"ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Курицы Актобе" тобының әкімшісі 2 мың долларды бопсалады деп айыпталып отыр. Шымкентте тұратын бір қыз полицияға әкімшінің үстінен шағым түсірген, - деп хабарлайды Times.kz.

Шағымның көшірмесі "Ақтөбенің шағым кітабы" тобының парақшасында пайда болды. Қыздың айтуынша, "Курицы Актобе" тобының әкімшісі оның интим фотосуреттерін жарияламау үшін ақша талап еткен. "Ақша бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғауды сұраймын. 17 ақпан күні әлеуметтік желіде ("ВКонтакте") маған "Курицы Актобе" тобы достық ұсынды, мен оны қабылдамадым. Содан кейін менің достарыма бұл топтың әкімшісінен хабарлама келді, әкімші өзінде менің интимдік фотосуреттерімнің бар екенін, сол себепті оған хабарласуды сұрапты. Мен оған жазып, фотосуреттерді жарияламау үшін не істеу керектігін сұрадым. "Екі мың долларды ... нөмірлі киви-әмиянға жіберу керек", - деп жазды шымкенттік бойжеткен. 

Әкімші 2015 жылдың 18 ақпанына дейін аталған сома аударылмаса, қыздың фотосуреттерін бәріне жолдайтынын ескерткен. "18 ақпан күні ақша жіберетінімді не жібермейтінімді сұраған хабарлама келді. Мен оған ақша жолдамайтынымды және бопсалау дерегі бойынша шағым түсіргенімді жаздым. Содан кейін ол маған ойлануға 23 сағат уақыт беретінін айтты", - дейді қыз.

Басылымның мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы қыздың полицияға шағымданғанын растады. 

Айта кетейік, "Курицы Актобе" - жабық топ. Бұл топтың парақшасында ер адамдар қыздардың фотосуреттерін жариялап, олардың интимдік өмірін талқылайды. "Курицы Актобе" тобында 34403 қатысушы тіркелген. Мұнда VIP-топ та бар, оған қосылу ақылы. Айта кету керек, 19 ақпан күні "Курицы Актобе" парақшасы құлыпталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети