Қызды құтқарамын деп қаза тапты. Сержант Ақымғалиев отбасының жалғыз асыраушысы болған

22 Наурыз, 14:05
0
Қызды құтқарамын деп қаза тапты. Сержант Ақымғалиев отбасының жалғыз асыраушысы болған -

ІІМ өкілдері Атырауда қызды құтқарамын деп қаза тапқан полицей жайлы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция қызметкері 24 жастағы патрульдік полицияның сержанті Шалхар Ақымғалиев. Ол көп балалы отбасыда тәрбиеленген екен. Бойдақ. Шалхар отбасының жалғыз асыраушысы болған. 1 сәуірде ол 25 жасқа толар еді. Ол  полицияда 5 жыл жұмыс істеген.

"21 наурызда сағат 21.52-де "102" нөміріне белгісіз біреуден орталық көпірден бір адамның секіргенін жайлы хабарлама келді. Ол жаққа жедел түрде Атырау полиция басқармасының қызметкерлері жөнелтілді. Ол жаққа бірінші болып патрульдік полициясының сержанты Шалхар Ақымғалиев жеткен. Ол ойланбастан мұздай суға секірген", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз.

"Біз ролик теуіп, сәл демалуға тоқтағанымызда, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған адамды көзіміз шалды. Бір полицей дереу жүгіріп келіп, суға секірді де, батып жатқан адамға жүзіп барды. Су салқын болды, оған қоса су ағыны күшті болды. Бірақ оған қарамастан полицей құтқару үшін аянбады", - деді куәгер Райымбек Сарбалин.

Шалқарға көмекке полиция лейтенанты Рүстембек Сүндүтов барған. Ол өзімен бірге бөрене алған.

"Мен батып жатқан қызға жеткеінмде Шалқар ағынмен суға кетіп қалды. Мен қызды құтқаруым керек болды. Ол қыз "мен үшін қаза тапты" деп айғайлады", - деді Рүстембек Сүндүтов  оқиғаны еске алып.

"Өз-өзіне қол жұмсағысы келген қыз Батыс Қазақстанның тумасы екен. Ол жедел жәрдем қызметімен облыстық емхананың жан сақтау бөліміне жеткізілген. Рүстембек өздігімен әріптесін іздеген, бірақ оны таппаған. Оның мұздай суда сіңірі тартылса да, ол өздігімен өзеннің жағасына жеткен", -деді Нұрділда Ораз.  

Шалхар Ақымғалиевтың денесін сағат 00.50-де тапқан. Оның денесі ағыстың төмен жағында табылып, жағалуға жеткізілген. Ішкі істер органының қызметкерлері қазаға байланысты оның отбасы мен туыстарына көңіл айтты. 

Айта кетейік, осыған дейін Атырауда полиция қызметкері қызды құтқарамын деп қаза тапқандығы жайлы хабарланған. Ол қызды құтқарамын деп көпірден Жайық өзеніне секірген. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай