20 тамыз 2022 09:32

Қызылордада жасөспірім кәріз құдығына құлап кеткен сәбиді алып шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада жас жігіт кәріз құдығына құлап кеткен сәбиді алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылордада жас жігіт кәріз құдығына құлап кеткен сәбиді алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға облыс орталығындағы супермаркет маңында болған.

"Шамамен 2-3 жасар бала төрт метрдей тереңдіктегі кәріз құдығына құлап кеткен. Оның артынан белгісіз жасөспірім шұңқырға секіріп, сәбиді алып шықты", - дейді оқиға куәгерлері.

Құлаған бала мен жасөспірім аман-есен. Жедел жәрдем қызметі қызметкерлерінің айтуынша, сәбидің ата-анасы олардан көмек сұрамаған. Бұл факт ТЖД-да да тіркелмеген. Жасөспірім кім екені де анықталған жоқ.

"Қызылорда су жүйесі" МКК мамандары құдық жабылғанын айтты.

"Біздің мамандар оқиға болған ауданда Kaspi bank ғимаратына келген ауыр көліктер кәріз қақпағын жылжытып кеткенін анықтады. Қызметкерлер тиісті жұмыстарды жүргізіп, қақпақты дәнекерледі", - дейді кәсіпорын өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети