Қызылордада полицей өртенген пәтерден балаларды алып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада полицей өртенген пәтерден балаларды алып шықты Фото: polisia.kz

Қызылордада полицей өртеніп жатқан пәтерден екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Қызылордада полицей өртеніп жатқан пәтерден екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сағат 10:30 шамасында тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден өрт шыққан. Төртінші қабаттағы балконды жалын шарпыған, алайда полицейдің жедел әрекеті арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Полиция қызметкері Нұржан Нағашыбай оқиға орнына жақын маңда болған. Өртті байқаған бойда ол дереу төтенше жағдай орынына барып, құтқарушыларды күтпестен, түтінге оранған бөлмеге кірген.

Пәтер ішінде ұйықтап жатқан және қауіп туралы сезбеген екі бала болған. Тәртіп сақшысы оларды оятып, түтін басқан үйден алып шықты.

Балаларды эвакуациялағаннан кейін ол жедел қызметтер келгенге дейін өртті сөндіруге кіріскен. Кейінірек оқиға орнына қосымша күштер келіп, жағдай толық бақылауға алынды.

Астанадағы қасірет

Бұған дейін Астанада қайғылы жағдай болған еді: 12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесіндегі 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Пәтер ішінен үш баланың мәйіті табылды. Өртсөндірушілер бір әйелді құтқарып қалды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.71   561.69   6.29 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети