01 шілде 2016 09:37

Қызылордада түлектердің көлікпен жасаған қауіпті әрекеттері видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Видеодан алынған кадр © Видеодан алынған кадр

Қызылордада куәгер түлектердің көлік терезесінен шығып келе жатқан сәтін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылордада куәгер түлектердің көлік терезесінен шығып келе жатқан сәтін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны редакцияға оқырман жолдаған. Кадрлардан екі көліктің жолдың бойымен келе жатқаны, ал жастардың белдеріне дейін терезеден шығып тұрғаны көрінеді. Сонымен қатар, олардың бірінің иығынан түлектердің көк лентасын байқауға болады. Көліктердің бірі жол бойында арлы-берлі жүріп, қауіпті қимылдар жасаған.

Сонымен қатар, Желіде Маңғыстау облысында осыған ұқсас түсірілген видео пайда болды. Видеодан мұның үйлену тойы екенін аңғаруға болады. Lada.kz мәліметінше, бұл видео 30 маусымда Мұнайлы ауданына бара жатқан жолда түсірілген. Роликте жастардың - Chevrolet Malibu көлігінің жолаушылары көліктің терезесінен сыртқа шығып, өміріне қауіп төндіріп келе жатқан. Ал Chevrolet Malibu маркалы бес көліктің жүргізушілері жол ережесін сақтамай, бір-бірін басып озып жүргізген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети