Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қызылордадағы мектептердің бірінде 81 оқушы уланып қалды

15 Сәуір 2015, 22:57
0
©"31 арна" кадры
©"31 арна" кадры

Қызылорда облысында балалар жаппай уланып қалды, - деп хабарлайды "31 арна"

Зардап шеккен оқушылардың ата-аналары 10 сәуірде №1 мектеп-гимназияның 67 оқушысының өздерін жайсыз сезінгенін хабарлады. Жөтеліп, бастары ауырған олар мектептен ауруханаға жеткізілді. Төртеуінің жағдайы аса ауыр болды. Оқушылардың ата-аналарына балалардың балон газынан уланған болуы мүмкін екені айтылған. "Кеше, сейсенбі күні тағы да балалар түсіп жатты, онда тағы бірдеңе бар деген сөз. Тергеу жүргізілмеді, оқу процесі тоқтатылмады", - деді зардап шеккен оқушының анасы.

Қазіргі уақытта 47 бала дәрігердің қарауында жатыр. Белгісіз газбен жалпы 83 адам уланған, оның ішінде екі мұғалім бар. "Қазіргі уақытта балалардың жағдайы бір қалыпқа келді. Бірақ кейбіреулерінің өздерін жайсыз сезінуі мен бастарының айналуы тоқтамады", - деді облыстық аурухананың дәрігері Күләш Рысмұхамедова.

Мектеп-гимназияның директоры болса ата-аналардың сұрағына жауап беріп жатыр. Ол бұл оқиғаның неден болғанын өзінің де білмейтінін айтты. "Дәрігерлер сынақ жасады, ауада адамдардың денсаулығына зиян келтіретін ештеңенің жоқ екенін айтты. Сондықтан, меніңше, оқушылардың бірі бұзақылық жасады", - деді №1 мектеп-гимназияның директоры Асылбек Мақашев. "Бұзақылық" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай