Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Лисаковск қаласында екі баланың анасын өлтірді делінген күдікті ұсталды

13 Қазан 2016, 11:54
0
Надежда Потапова
Надежда Потапова

26 қыркүйекте жоғалып кеткен Лисаковск қаласының 32 жастағы тұрғыны Надежда Потапованы өлтірді делінген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Ng.kz басылымы.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 24 жастағы ер адам ұсталды. "Ол қазіргі уақытта қалалық ІІБ уақытта ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы бойынша ("Адам өлтіру") сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Лисаковск қаласында жоғалып кеткен 32 жастағы әйелдің өлі табылғаны хабарланған болатын. Екі баланың анасы - Потапованың қаза болғаны жайлы осыған дейін әйелді іздестіру жұмыстарына белсенді қатысқан Дарья Скворцова есімді қыз хабарлады. "Надежданы іздестіру жұмыстарына көмектескен адамдардың барлығына алғыс айтамын: еріктілерге, ол жайлы хабарламалар таратқандарғанға. Біз сіздерге алғыс айтамыз. Отбасыларыңызға денсаулық тілеймін. Надежда саяжай жақтан табылды, өкінішке орай, ол өлі табылды", - деп жазды ол "ВКонтакте" желісіндегі FOX Town - Лисаковск наш город! тобында.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай