06 қараша 2017 16:21

ІІМ қайнап тұрған майды қызға шашып жіберген ер адамның ісіне қатысты жаңа деректерді айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сымбат Қозыбай. © ktk.kz Сымбат Қозыбай. © ktk.kz

Қайнап тұрған майды қызға шашып жіберген күдікті осы іс бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.


Қайнап тұрған майды қызға шашып жіберген күдікті осы іс бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

"БАҚ-тарда күдіктінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны жайлы мәлімет шындыққа жанаспайды. Маңғыстау облысында возкал маңында дәмханада қызға қайнап тұрған майды шашып жіберген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ", - деді Алмас Сәдубаев.

Оның айтуынша, бастапқыда бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша ("Бұзақылық") қозғалды. Күдікті осы бапқа сәйкес екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, Маңғыстау облысында сатушының қызметіне көңілі толмаған ер адам қыздың бетіне қазанда қайнап тұрған майды шашып жіберген. Денесінің 30 пайызын күйік шалған Сымбат Қозыбайдың қазір жағдайы ауыр. Ал уайымға салынған Сымбаттың жақындарын алаңдатып отырған бұдан өзге тағы бір жағдай бар. Ол - полицейлердің іс-әрекеті. Айтуларынша, бойжеткеннің бетін адам көргісіз қылған жігіттің үстінен тек бұзақылық бабы бойынша іс қозғалыпты. Оның айыппұлмен құтылып кететініне сенімді жәбірленушінің туыстары енді прокуратурадан көмек сұрап отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети