24 тамыз 2014 20:28

Маңғыстау облысында жанармай кезегі атысқа себеп болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Маңғыстау облысының жанармай құю бекеттерінің бірінде атыс болды, - деп хабарлайды Tumba.kz. Оқиға 23 тамыз күні сағат 22.50 шамасында Атамекен елді мекенінің маңында болды.


Маңғыстау облысының жанармай құю бекеттерінің бірінде атыс болды, - деп хабарлайды Tumba.kz. Оқиға 23 тамыз күні сағат 22.50 шамасында Атамекен елді мекенінің маңында болды.

Полицейлердің анықтауынша, бекетте жанармайға кезекке тұрғандар көп болған, екі жүргізуші кезекке таласып, өзара жанжалдасқан. Керіс барысында май құю бекеті клиенттерінің бірі "Оса" пневматикалық тапаншасын шығарып, қарсыласын екі рет атқан. Зардап шегуші оң жақ жауырынынан жараланып, Ақтау ауруханасына түсті.

Қару қолданған адам Ақтау қаласының 29-ықшамауданының тұрғыны болып шықты. Оны полиция ұстады. "Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Оның үстінен "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Сәрсенбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети