13 желтоқсан 2022 16:26

Маңғыстау облысында жантүршігерлік оқиға болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысында ер адам балаларымен бірге өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Маңғыстау облысында ер адам балаларымен бірге өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 11 желтоқсанда сағат 19.45 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында өздігінен асылып қалған белгілері бар 4 мәйіт табылды деген хабарлама келіп түскен.

"Бұл шақыруға жедел-тергеу тобы барды. Өздіктерімен асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар анықталды.

Тексеру барысында Б. есімді азаматпен жіберілген аудиожазба анықталды. Ол жұбайы Д. есімді әйелге өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан", - делінген полиция хабарламасында.

Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде болғаны және олардың ажырасқалы жатқаны белгілі болды. Ерлі-зайыптының екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының ПБ соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтіні хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети