11 наурыз 2018 11:01

Маңғыстау облысында қаңғыбас иттер малға шауып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Сайын Шапағатов ауылының тұрғындары үйдегі малдарының қырылып қалғанын айтып, шағымданды, деп хабарлады Lada.kz.


Сайын Шапағатов ауылының тұрғындары үйдегі малдарының қырылып қалғанын айтып, шағымданды, деп хабарлады Lada.kz.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, бір түнде жеті қой мен қозы қырылып қалған.

"Бұл жағдай отбасымызды есеңгіретіп тастады. Таңертең олар шала-жансар жатты. Полицияны, жергілікті әкімдіктің қызметкерлерін, мал дәрігерлерін шақырттық. Келді, көрді, кетіп қалды. Өлген малдарға тиіспеңдер, сараптама жасаймыз деді. Менің ойымша, жануарлар қаңғыбас иттердің шабуылынан өлді", - деді ауыл тұрғыны Сағынғали.

Порталдың хабарлауынша, ауыл әкімінің міндетін атқарушы Жәнібек Еркебұлан бұл жайтқа қатысты түсінікті кейінірек беретінін айтқан. 

Айта кетейік, өткен аптада бұл ауылдағы үй жануарларына тағы да шабуыл жасалған. Ол кезде шамамен 25 мал өліпті. Әкімнің орынбасары малдарды қаңғыбас иттердің талағанын айқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети