03 маусым 2022 09:01

Маңғыстауда суға батып кеткен жасөспірімге қатысты жаңа деректер шықты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: lada.kz Сурет: lada.kz

Құтқарушылар суға батып кеткен бейнеуліктің денесін іздестіріп жатыр. Жасөспірім теңізге арнайы тақтамен (SUP-board) шыққаны белгілі болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілі айтты, - деп хабарлайды lada.kz

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарылған екі жасөспірімнің жағдайы қалыпты. Оларға медициналық көмек қажет емес.

"Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 6 қызметкері, жедел-құтқару жасағының 6 қызметкері, 2 техника, 2 жүзу құралы, медицина және апат орталығынан 3 адам барды", - деп хабарлады Маңғыстау ТЖД өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда Приморский маңында бір жасөспірім суға батып кеткені хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети