03 қараша 2017 | 16:02

"Март" сауда орталығының үшінші қабатынан құлаған сәбидің анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

"Март" сауда ойын-сауық орталығында эскалатордан құлаған баланың анасы оқиғаның мән-жайын баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айнұр Бекбасарова осы уақытқа дейін болған жайтты есіне алса үрейі қашады. 


Иконка комментария блок соц сети

"Март" сауда ойын-сауық орталығында эскалатордан құлаған баланың анасы оқиғаның мән-жайын баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айнұр Бекбасарова осы уақытқа дейін болған жайтты есіне алса үрейі қашады. 

Ол күні Айнұр төрт баласы және күйеуімен бірге эскалатордан түсіп келе жатқан. Әйел қоларбаны ұстап тұрған, ал күйеуі артында балаларымен тұрған. Биіктіктен құлаған 2 жасар Нұрғиса ол кезде әкесінің қолында болған. Түсіп келе жатқан кезде қоларба төмен сырғи бастаған. Ер адам әйеліне көмектеспек болған кезде сәби қолынан шығып кеткен.  

 

Балалар жедел медициналық орталығының бас дәрігері Дінмұхамед Рузуддиновтың сөзінше, жамбасы сынған балақайға ота жасалды. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық. Оны ауруханадан шығаруға дайындап жатыр. 

Ауруханадан шыққаннан кейін де дәрігерлер баланың жағдайын бақылап отырады. 

"Сүйегі бітісе бастағанда металлоконструкцияны алатын боламыз. Сонымен бірге басына пластикалық ота жасау керек. Ол алдағы жарты жылда жасалады", - дейді дәрігер. 

 
© Tengrinews.kz

Мұның алдында зардап шеккен екі жасар баланың жағдайы өте ауыр екені хабарланған еді. Ол жансақтау бөлімінде жатқан болатын. Бала ауруханаға түскенде оның бас миы шайқалған, маңдай сүйегі сынған, субдуралды гематомасы болған, жамбас сүйегі мен білегі сынған, іш мен кеудесінде жарақаттар болған. 

Еске салайық, бұл оқиға 12 қазанда Алматының Түрксіб ауданындағы "Март" сауда ойын-сауық орталығында болған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети