13 наурыз 2018 12:32

Мас ер адамның әйелінің көлігін қиратқаны түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мас ер адам әйелінің көлігін қиратып кеткен, - деп хабарлайды Ren TV. БАҚ мәліметінше, бұл оқиға биыл 8 наурызда Челябі облысында болған.


Мас ер адам әйелінің көлігін қиратып кеткен, - деп хабарлайды Ren TV. БАҚ мәліметінше, бұл оқиға биыл 8 наурызда Челябі облысында болған.

Видеодағы кадрлардан ер адамның тұрақта тұрған көлікті қиратып жатқаны көрінеді. Кейіннен ол көліктен шығып, тұрақтағы көлікті аяғымен ұрып-соға бастайды. Содан қайтадан көлікке отырып, екінші көлікті (әйелінің көлігін) бағанға қарай барып соғады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адам мас күйде болған. Осы дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Жүргізушіге қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды. Ол екі тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ, ол 1,5 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети