20 сәуір 2017 11:59

Мүгедекті автобустан итеріп шығарып тастаған әйелдің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласында №34 автобустың жолаушысы мүгедек адамды итеріп тастаған әйелді видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео 20 сәуірде Instagram желісінде пайда болған. 


Алматы қаласында №34 автобустың жолаушысы мүгедек адамды итеріп тастаған әйелді видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео 20 сәуірде Instagram желісінде пайда болған. 

Кадрлардан куәгерлер контроллер деп сипаттаған әйелдің мүгедек адамды автобустан шығарып тастап, заттарын лақтырғанын көруге болады. Қасында тұрған адамның не істегені белгісіз. Осыдан кейін контроллер автобусқа отырып, жүріп кетеді. 

"Green Bus" автобус паркінің директоры Бауыржан Құлышев Tengrinews.kz тілшісіне бұл видеоны көргенін айтты. 

"Таңнан бастап тексеріп жатырмыз. Түсініктеме алу үшін жүргізушіні іздеп жатырмыз. Мәселенің мән-жайын анықтаған соң түсінік береміз", - деді Құлышев.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети