09 қазан 2017 | 13:16

Назерке Әріптің туыстары қылмыскердің қатаң жазалануын талап етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назерке Әріп. Назерке Әріп.

18 жастағы Назерке Әріптің туыстары қызды өлтірген ер адамның ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

18 жастағы Назерке Әріптің туыстары қызды өлтірген ер адамның ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот әлі болған жоқ. Әрине, қылмыскерді барынша қатаң жазалануын талап етеміз", - деді қыздың туыстары.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, ұсталған такси жүргізушісінің осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатысы бар және осыған дейін сотты болған.

Айта кетейік, бүгін 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірген такси жүргізушісі ұсталды. "Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам кінәсін мойындады", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Еске сала кетейік, қыз биыл медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған болатын. Талапкер 10 шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған. Назеркенің отбасы Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұрады. 

Назерке Әріп - биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған. Қыз Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген. Құрбысы хабарландыруда көрсетілген мерзімнің дұрыс емес екенін және оның 10 шілдеде жоғалғанын айтты.

Мұның алдында 18 жастағы түлек Назерке Әріптің анасы қызды ұстап отыруы мүмкін деген адамдардан оны үйіне жіберуін сұраған еді. 

Ал 6 қыркүйекте ұшты-күйлі жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети