28 қазан 2020 12:02

Нұр-Сұлтан әуежайында шу шығарған мас жолаушылардың видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтан әуежайында мас жолаушылар шу шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан әуежайында мас жолаушылар шу шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің Нұр-Сұлтан әуежайында бір әйелді сүйреп бара жатқаны және ер адам мен әйел адамның әуежай қызметкерлеріне балағат сөздер айтып жатқаны түсірілген видео тарады.

ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға 2020 жылдың 25 қазанында болған.

'Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция бөліміне "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ тексеру қызметінің инспекторы екі жолаушыға қатысты шаралар қабылдау туралы жазбаша өтінішпен жүгінген", - деді ІІМ көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі Ләззат Қасымжанова айтып берді.

Өтініш берушінің айтуынша, олар өздерін агрессив ұстаған және "FlyArystan" әуекомпаниясының "Нұр-Сұлтан - Алматы" рейсіне отырғызу талонынсыз өтпек болған.

Тексеру кезінде Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері оларды тыныштандыруға тырысқаны, алайда олардың қызметкерлердің талабын орындаудан бас тартқаны айтылады.

"Ер адам мен әйел тексеру қызметіндегілерге былапыт сөздер айтып, олардың атқарған заңды талаптарына бағынбай, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабының 1-бөлігінде көзделген ("Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау") құқық бұзушылықты қасақана жасады.

Тексеру барысында көлік полицейлері құқық бұзушылардың аты-жөнін анықтады. Олар 1985 және 1986 жылы туған Алматы қаласының тұрғындары болып шықты", - дейді көліктегі полицейлер.

Медициналық куәландыру қорытынды бойынша, олардан жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаңдық анықталды.

"Осы дерек бойынша көлік полицейлері ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі ("Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу"), ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі ("Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау" және "ұсақ бұзақылық") және ӘҚБтК-нің 1-бөлігінің 434-бабы бойынша үш әкімшілік хаттама жасады.

Қоғамдық орындарда масаң күйде болу фактісі бойынша оларға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, оған қоса, екі бап бойынша материалдар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети