27 қазан 2021 12:51

Нұр-Сұлтанда әйелге "Сергек" камерасы орнатылған бағана құлап кеткен

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда әйел "Сергек" камерасы орнатылған бағана құлағанын айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда әйел "Сергек" камерасы орнатылған бағана құлағанын айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген сурет пен шағым әлеуметтік желіде тараған.

"Бүгін сағат 13.20-да бағдаршам жанғанын күтіп тұрдым, Сығанақ, 11, Sunrise тұрғын үй кешені маңында аяғыма "Сергек" камерасы орнатылған бағана құлады. Бағыма орай, артқа шегініп үлгердім, басыма құламады. Кімге шағымданамын? Қазір аяғыма гипс салды, жұмыссыз қалдым", - деді Instagram-да.

Instagram/zhaloby_astana

Елорда полициясы 45 жастағы әйелдің "Сергек" камерасы орнатылған бағанның металл құрылымы құлағаннан жарақат алғанын растады. Оқиға 23 қазанда болған.

"Бұл дерек бойынша Есіл ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 306-бабы ("Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети