25 маусым 2022 15:36

Нұр-Сұлтанда BMW бағанға соғылып, аударылып түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram/astana_sergek Фото: Instagram/astana_sergek

Нұр-Сұлтан орталығында BMW бағанаға соғылып, аударылып түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан орталығында BMW бағанаға соғылып, аударылып түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде апат орнынан фото және видеолар жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Елордалық полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, апат 25 маусымда сағат шамамен 00.10-да болған. BMW X7 жүргізушісі Достық көшесінің қиылысында ЕК-32 көшесімен келе жатып, көлігін басқара алмай, көше жарығын және "Тоқта" жол белгісін тіреуішті қағып, салдарынан көлік құралы аударылып түсті.

"Жол апаты салдарынан BMW X7 автокөлігінің жолаушысы ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер тексергеннен кейін ол үйіне жіберілді. BMW X7 жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Материал түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети