24 қазан 2021 12:46

Нұр-Сұлтанда көлікпен қарсы жолаққа шығып, жарыс ұйымдастырғандар жазаланды

Видео кадры Видео кадры

Нұр-Сұлтанда бірнеше автокөлік қарсы жолаққа шығып, жарыс ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда бірнеше автокөлік қарсы жолаққа шығып, жарыс ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады. Видеода бірнеше көлік асқан жылдамдықпен қарсы жолаққа шығып кеткені көрсетілген. 

Полиция әліметінше, бұл дерек бойынша Mercedes Benz маркалы көлігін мас күйде айдаған 22 жастағы жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.  

Әкімшілік сот шешімімен 22 жастағы ер адам көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырылып, 15 тәулікке қамалды.  

Сондай-ақ тағы бір жүргізуші Mercedes Benz маркалы көлігін айдаған 31 жастағы ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабы, 3-бөлігі және 590-бабы, 9-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.  

Сондай-ақ, қарсы жолаққа арналған жүріс жолына шығып кеткен Toyota Camry, BMW, Mercedes Benz автомашиналарының жүргізушілеріне қатысты ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

Автокөліктер коммуналдық тұраққа орналастырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети