12 ақпан 2020 18:27

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда алты қабат үйде өрт шығып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда алты қабат үйде өрт шығып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үй Күйші Дина көшесінде Құдайбердіұлы даңғылының қиылысында орналасқан.

"Сағат 14.14-де "101" пультіне Күйші дина, 39/1 көшесінде орналасқан пәтердегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеті минуттан соң Нұр-Сұлтан ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері келіп жетті, онда екінші қабатта ашық жалынмен жалпы ауданы 45 шаршы метр пәтер жанып жатқаны анықталды. Кіреберісте қою түтін шығып, өрт сөндірушілер тұрғындарды көшіру мен құтқаруға дереу кірісті", - деп хабарлады ТЖД.

Астаналық өрт сөндірушілер 20 адамды құтқарды, оның ішінде тоғыз бала бар. Әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, алдын ала мәліметтер бойынша 12 адам, олардың ішінде алты бала (зардап шеккендердің жеке басы мен нақты саны анықталып жатыр) зардап шеккен.

Өрт сөндіру барысында алты қабат тұрғын үйдің төртінші қабатында 1987 жылы туған қыздың мәйіті табылды.

"Өрт 14.37-де ауыздықталып, 14.41-де жойылды. Өрт сөндіруге барлығы тоғыз дана техника мен жеке құрамнан 31 адам жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖД.


Суреттер: Тұрар Қазанғапов

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети