17 тамыз 2020 12:42

Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші қарсы жолаққа шығып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы Момышұлы даңғылында екі көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтандағы Момышұлы даңғылында екі көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының суреттері Facebook желісіндегі "Астана - Что? Где? Когда?" парақшасында пайда болды. Суреттерден оқиға орнына төрт жедел жәрдем көлігі келгенін көруге болады.


Фото: Алик Маликов / Астана - Что? Где? Когда? / Facebook

Елордалық полиция департаментінің өкілдері жол апатына қатысты пікір білдірді.

"16 тамызда сағат 23.55-те Lada маркалы автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Момышұлы даңғылы бойымен келе жатып, 26 жастағы жүргізушісі тізгіндеген Hyundai Sonata-мен соқтығысқан", - дейді полицейлер.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Hyundai Sonata жүргізушісі мен Lada жолаушылары түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Осы дерек бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети