22 ақпан 2021 15:12

Нұр-Сұлтанда мешіт құрылысы үстінен түтін шығып жатқан сәт видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда желі қолданушысы мешіт құрылысы үстінен қою түтін шығып жатқанын видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда желі қолданушысы мешіт құрылысы үстінен қою түтін шығып жатқанын видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мешіт үстінен қою түтін шығып жатыр. Бірдеңені жағып жатыр ма? Түсініксіз. Мүмкін өрт шығар", - дейді куәгер.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мешіт аумағында жеке тұрған шаруашылық құрылысының шатыры өртенгенін хабарлады.

"Сағат 10.01-де Есіл ауданы Мәңгілік Ел даңғылы 81-үй, жаңадан салынып жатқан мешіт жанындағы шамамен 50 шаршы метр алаңда жеке тұрған шаруашылық құрылысының (киінуге арналған бөлме, асхана) шатыры өртенді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, 16 қызметкер мен үш техника өтр шыққан жерге жіберілді", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Құтқарушылардың мәліметінше, өртті 10.35-те оқшаулап, 10.38-де толық сөндірген.

21 ақпанда Нұр-Сұлтандағы мешіт құрылысында металл құрылғы құлады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жаңа мешіт 9,4 гектар аумақта орналасады деп жоспарланған. Ғимараттың жалпы аумағы 57 мың шаршы метрге жетеді. Құрылыспен түрік компаниясы айналысып жатыр. Бұған дейін мешіттің ерікті қайырымдылық пен демеушілер қаражатына салынатыны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети