1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Нұр-Сұлтанда төрт жасар бала 8-қабаттан құлап кетті 03 тамыз 2021, 11:06

Нұр-Сұлтанда төрт жасар бала терезеден құлап кетті. Бұл туралы елордалық Полиция департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда төрт жасар бала терезеден құлап кетті. Бұл туралы елордалық Полиция департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2 тамызда сағат 20.37-де полицияға Иманбаева көшесі бойындағы тұрғын үйдің сегізінші қабаттағы терезесінен төрт жасар бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Бала ата-анасымен бірге пәтерде болған. Ол ойнап жүріп, терездегі торға ауып, құлап кеткен. Әкесі оқиғаны көріп тұрып, ештеңе істей алмаған. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды", - деді Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жыл басынан бері елордада 25 бала терезеден құлап, олардың үшеуі қаза болған. Полиция қызметкерлері ата-анадан балаларын қараусыз қалдырмауды және терезе алдында ойнауға жол бермеуді сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram