09 ақпан 2021 08:12

Нұр-Сұлтандағы кептеліс: гүл дүкеніне 670 мың теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Нұр-Сұлтанда ашылу салтанатына екі мыңнан аса адам жинаған гүл дүкеніне 670 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда ашылу салтанатына екі мыңнан аса адам жинаған гүл дүкеніне 670 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мәңгілік ел даңғылы, 47 мекенжайындағы гүл дүкенінің маңында халық көп жиналу дерегі бойынша тәртіп бұзушы Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына шақырылды. Бұл жоспардан тыс тексеру Бас прокуратураның Құқықтық статистика органдарында тіркелген.

Қазір кәсіпкерге қатысты тексеру нәтижелері туралы акт, нұсқама дайындалды және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша заңбұзушылық және әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама рәсімделді. Субъект санатын ескере отырып, 230 АЕК (670 910 теңге) айыппұл белгіленді", - деді Ержан Байтанаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tengri Astana (@tengri.astana)

Еске салайық, 7 ақпанда Нұр-Сұлтанда ұтыс ойынының кесірінен ұзын-сонар кептеліс болғаны хабарланған. Әлеуметтік желіде бір топ адам гүл сататын дүкенде жиналып, ұтыс ойынына қатысып жатқаны туралы видео тараған. 

Кейін ұтыс ойынын ұйымдастырушылар көп адам жиналғаны үшін полицияға жеткізілгені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети