20 сәуір 2016 08:07

ОҚО-да 7 жасар қыз бен оның әпкесі жоғалып кетті: Іздеу жұмыстарын 400 адам жүргізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© stan.kz © stan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы Дәубаба шатқалында 7 жастағы қыз бен оның 56 жастағы әпкесі жоғалып кетті, - деп хабарлайды TVK.


Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы Дәубаба шатқалында 7 жастағы қыз бен оның 56 жастағы әпкесі жоғалып кетті, - деп хабарлайды TVK.

17 сәуірде кешкі уақытта әйел жаңбырға қарамастан қызбен бірге тауға саңырауқұлақ теруге кеткен. Олар үйіне қайтып оралмады.

Жоғалғандарды іздеуге Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімі мен ОҚО ІІД полицейлері, сонымен қатар құтқарушылар мен еріктілер, жалпы 400 адам кірісті. Іздеуге қызметтік-іздеу иттері мен техниканың 18 данасы тартылды.

Облыстағы барлық полиция постына жоғалғандар жайлы мәлімет тарады. Олар Іңкәрбек Инабат Нұрқанатқызы (2009 жылғы, белгілері: бойы 120 сантиметр, дене пішімі арық, шашы қара әрі ұзын. Киімі: қызыл түсті күрте, қызыл түсті свитер, қара түсті шалбар, ақ түсті аяқ киім) және Баймұратова Әшіркүл (1960 жылғы, Шымкент қаласының тұрғыны, Белгілері: бойы 165-170 сантиметр, арық, шашы қара әрі қысқа. Киімі: қара түсті шолақ жеңді кофта, жасыл түсті кофта, қара шалбар, спортқа арналған ақ аяқ киім).

ОҚО ІІД мәліметі барларды 8(7252) 21-20-51, 21-21-52, 21-21-87, 21-20-41, немесе "102" телефондары арқылы хабарласуға сұрайды.


Жоғалып кеткен Іңкәрбек Инабат Нұрқанатқызы. © stan.kz


Баймұратова Әшіркүл © stan.kz

Stan.kz порталының мәліметінше, Инабат - жанұядағы алты баланың кенжесі. Оны алып кеткен әпкесі тұрмыс құрмаған және балалары жоқ. Полицейлер осы әйелден күдіктеніп отыр. Бірақ туыстары Баймұратованың жеке заттары мен құжаттарының үйде қалғанын айтты. Жоғалғандарды іздестіруге квадрокоптер берілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети