02 сәуір 2018 14:12

ОҚО-да жүргізуші туған інісі мен келінін қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Жүргізуші туған інісі мен келінін қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жүргізуші туған інісі мен келінін қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 2018 жылы 26 наурызда Алматы - Ташкент - Термез тасжолында Шымкент қаласының маңында болды. 1960 жылғы ер адам мас күйде ВАЗ-21074 көлігін басқарып, жол-көлік оқиғасына тап болып, екі адамды мерт қылды. 

"Осының салдарынан - 1962 жылғы ер адам мен 1961 жылғы әйел - жүргізушінің туған інісі мен келіні оқиға орнында қаза тапты. Оқиға орнына жеткен ОҚО ІІД жедел тергеу тобының қызметкерлері қажетті сараптамаларды жүргізді", - деді ведомстводағылар. 

Бірнеше сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети