16 тамыз 2016 13:16

ОҚО-да мас жүргізуші велосипедшіні қағып өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО ІІД баспасөз қызметі © ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Оңтүстік Қазақстан облысында "ВАЗ" жүргізушісі велосипедшіні қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Оңтүстік Қазақстан облысында "ВАЗ" жүргізушісі велосипедшіні қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2016 жылдың 14 тамызында шамамен сағат 19.50-де Сарыағаш аудандық ІІБ кезекші бөліміне Жібек жолы - Жетісай тас жолында велосипедшіні белгісіз біреудің қағып кеткені жайлы хабарлама келіп түскен.

Полицейлер "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі велосипедшіні қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынғанын анықтады. Ер адамның жасы шамамен 45-47-де екен.

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедшінің ауыр жарақат алғаны және оның аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болғаны айтылады.

Сарыағаш аудандық ІІБ қызметкерлері күдіктіні ұстады. "Күдікті Сарыағаш ауданының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол сол күні мас күйінде көлік жүргізіп, велосипедшіні қағып кеткенін мойындады. Күдікті орыққанынан оқиға орнынан жасырынған", - деді облыстық ІІД өкілдері.

Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") және ҚР Қылмыстық кодексінің 347-бабы бойынша ("Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу") сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети