ОҚО-дағы ірі жол апатынан зардап шеккен 6 ересек адам мен 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр

20 Қыркүйек 2016, 16:13
0
ОҚО-дағы ірі жол апатынан зардап шеккен 6 ересек адам мен 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр -

ОҚО-да болған ірі жол апатынан зардап шеккен 6 ересек адам мен 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі өңірдің дәрігерлеріне сілтеме жасап хабарлайды.

6 ересек адам жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр. "Біздің ауруханада 10 адам жатыр. Оның 4-еуі профильді бөлімдерде, ал алтауы жансақтау бөлімінде, ауыр халде жатыр. Барлық зардап шегушілердің жарақаттары ауыр, аяқ-қолдары сынған, жабық және ашық түрдегі бассүйек ми жарақатын алған, кеуде жасушалары зақымданған", - деді қабылдау бөлімнің меңгерушісі Сәбит Байбосынов. Ол жансақтау бөлімінде жатқандардың барлығы зақымданудан есеңгіреу алғанын айтады.

Осы орайда облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 4 баланың өмірі үшін күресіп жатыр. Онда жол апатынан зардап шеккен 7 бала жеткізілген. 3 жасар қыз ауруханаға келген бетте қайтыс болған. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында. 

"Қазіргі кезде төрт баланың жағдайы ауыр, олардың дене мүшелері сынған, сырылған, бассүйек миы жарақаттанған. Екі бала Өзбекстан азаматтары. 8 жастағы қыздың жағдайы тым ауыр, ол жасанды дем алу құрылғысына қосылған. 10 жастағы бала есін жиды, оған ота жасалды", - деді облыстық балалар ауруханасының хирургия бойынша бас дәрігердің орынбасарының міндетін атқарушы Сәкен Тұрысбеков. 

Сонымен қатар, ол тағы бір зардап шеккен қыз жайында айтып берді. Ауыр халде жатқан 10 жастағы қыздың аты-жөні әлі белгісіз қалып отыр, оны іздеп ешқандай туысы келмеген. Қызға ота жасалған. 

Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауылына жақын маңда 19 қыркүйекте, дүйсенбі күні кешкі уақытта болған. Ташкент тас жолында микроавтобус Ford және Toyota көлігі бетпе-бет соғысқан. Бес адам "төрт ер адам бір әйел адам) оқиға орнында қаза тапқан. 15 адам ауруханаға жеткізілген, оның төртеуі бала. Кейінірек ауруханада 2013 жылы туған сәби қайтыс болған. Екі көліктің де талқаны шыққан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай