31 қазан 2018 09:10

Оңтүстік Кореяға жұмысқа бармақ болған қазақстандықтар алаяқтардан алданып қалды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Оңтүстік Кореяға барамыз дегендер опық жеп қалды. Олар шетелде жұмыс істеп, мол ақша табамыз деп ойлаған. Бірақ еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған елуге жуық азаматты, өздерінің айтуынша, алаяқтар алдап соғыпты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Оңтүстік Кореяға барамыз дегендер опық жеп қалды. Олар шетелде жұмыс істеп, мол ақша табамыз деп ойлаған. Бірақ еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған елуге жуық азаматты, өздерінің айтуынша, алаяқтар алдап соғыпты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Жұртпен дауласып тұрған оларды шетелге жұмысқа апарамыз деп уәде еткен компанияның менеджері. Оңтүстік Кореядағы жұмысты жарнамалағанда жылы сөйлеген қыз енді бет-жүзін жасырып, бұрышта тығылып тұр. Ал алдандым дегендердің бас-аяғы 45 адам. Айтуларынша, компания өкілдері "Кореяға барып, күреп ақша табасыңдар" деген. Бұл үшін алдымен 900 доллар төлеуі керек болған.

"Хабарландырумен біз осындай жұмысшыларды қабылдап жатырмыз деген. Қазанның 8-і мынадай келісіммен 900 доллар қолдарына бердік", - дейді  Павлодар қаласының тұрғыны Еркегүл Тоқтықызы.

Алайда, қыздар да ақшаны алмадық деп азар да безер. Айтуларынша, кассаға теңге түскен бойда оны әлдебір курьер қағып кетіп отырған екен. Ал өздері мұнда жұмысқа бір ай бұрын ғана қабылданыпты. Содан бері бастықтың өзі тұрмақ, көлеңкесін де көрмедік дейді қыздар. Десе де, Оңтүстік Кореяға барамыз деп опық жеген жұрт оларға сенбеді. Ақшасын қайтаруды талап етіп, қанша кемсеңдесе де, қыздарды кеңседен шығармай қойды.

Ал Оңтүстік Кореяға жұмысқа ер-азаматтармен қатар, қыз-келіншектер де бармақ болған екен. Жоғары жалақы мен жатын орны, тамағы тегін деген жарнама нәзік жандарды да қызықтырса керек. Сол үшін кейбірі тіпті жұмыстан шығып та қалыпты. Ал енді бірі банктен несие алған. Сөйтіп, бар ақшасын шетелге апарамын дегендерге ұстатқан. Бірақ жер сипағандарын тек бүгін білді.

"Бізге 27 қазанда ұшасыздар деді. Сосын ауыстырып жіберді. Кейін 30-шы қазан сағат 10-ға деді. 10-да келдік! Келсек полицейлер отыр екен. Сіздердің ақшаларыңызды ұрлап кетті деді", - дейді Айбек Тұрымбетов.

Бұл іске қазір полицейлер араласты. Алаяқтық бабымен іс қозғалып, жұрттың қаржысын қалтаға басқандардың біреуі қамауға алынды. Ал Оңтүстік Кореяда қырып ақша табамын деп аңсаған халық енді сот табалдырығын тоздырумен болатын сияқты.

 Дереккөз: КТК телеарнасы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети