19 қыркүйек 2017 10:05

Орал полицейлері төбелескен ер адамдарды ажыратқан әжейді іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Мой ГОРОД" © "Мой ГОРОД"

Полицейлер Оралда төбелес шығарған ер адамдарды ажыратқан әжейді іздестіріп жатыр. Төбелес 18 қыркүйекте шамамен сағат 12.30-да Циолковский аялдамасында болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Полицейлер Оралда төбелес шығарған ер адамдарды ажыратқан әжейді іздестіріп жатыр. Төбелес 18 қыркүйекте шамамен сағат 12.30-да Циолковский аялдамасында болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Басылымның мәліметінше, Желіде бір топ ер адамның төбелескені түсірілген видео пайда болған. Сол маңда өтіп бара жатқан адамдардың бірде-біреуі оларды ажыратпаған. Тек егде жастағы әйел төбелесіп жатқан бұзақыларды көріп, оларды ажырата бастаған. Төбелескендерді ажыратамын деп өзі құлап қалған, ал өтіп бара жатқандар тіпті оған орнынан тұруға көмектеспеген.

Куәгерлердің айтуынша, олар бір ер адамның екіншісінің соңынан жүгіріп бара жатқанын, онымен қоса қолында кірпіш болғанын көрген. "Кейінірек төбелесіп жатқандарды егде жастағы әйел ажырата бастады. Бұзақылардың бірін тоқтатамын деген кезде өзі де құлап кетті", - дейді куәгерлер.

БҚО ІІМ Жергілікті полиция қызметіндегілер полиция бөлімшесіне алты адамның жеткізілгенін айтты. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. "Бұзақылық" бабы бойынша тергуе басталды.

Басылымның мәліметінше, полиция қызметкерлері төбелескен ер адамдарды ажыратқан әжейді тауып, оған алғыс білдіргісі келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети