16 сәуір 2019 18:11

Оралда 19 жастағы жүргізуші қыз бес көлікті қиратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ерсін Мерхан © Ерсін Мерхан

16 сәуірде Орал қаласында 19 жастағы жүргізуші қыз бес көлікті қиратты, - деп хабарлайды "Уральская неделя"


16 сәуірде Орал қаласында 19 жастағы жүргізуші қыз бес көлікті қиратты, - деп хабарлайды "Уральская неделя"

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes маркалы автокөліктің жүргізушісі жол бойында тұрған "ГАЗель", Nissan, "Лада Веста" және "ВАЗ-2115" автокөліктерін қиратқан. 

"Жол-көлік оқиғасы шамамен 12:00-де Жәңгір хан көшесінің бойында "Бүркіт" жанармай құю бекетіне қарама-қарсы тұста болған. Mercedes тізгінінде қыз бала болған, ол ауруханаға жеткізілді. Көлікті оқиға орнынан эвакуациялады. Қалған көліктер техникалық тұрғыдан қалыпты жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

"Түскі уақытта облыстық көпсалалық ауруханаға жедел жәрдем каретасы қыз баланы жеткізді. Қазіргі уақытта оған емдеу шаралары көрсетіліп жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети