18 шілде 2022 09:07

Оралда жантүршігерлік жол апаты болды: сегіз адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mgorod.kz © mgorod.kz

Оралдағы айналма жолда жол апаты болып, сегіз адам қаза тапты. Қаза болғандардың арасында екі бала бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.


Оралдағы айналма жолда жол апаты болып, сегіз адам қаза тапты. Қаза болғандардың арасында екі бала бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Жол апаты 18 шілдеде сағат 02.45-те VenOil жанармай бекетіне қарама-қарсы жерде болған. Орал қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімі бастығының орынбасары Константин Непекиннің айтуынша, Nissan (көлікте тек жүргізуші болған) мен Lada (көлікте бес ересек және екі бала болған) көліктері соқтығысқан.

"Nissan жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Lada-мен соқтығысқан. Оқиға орнында бес адам қаза болды, үшеуі ауруханаға түсті", - деді капитан Недопекин.

Кейінірек ауруханада Nissan жүргізушісі, 10 және 13 жастағы екі бала да қаза болғаны хабарланды.

Оқиға орнында полицейлер жол апатының себебі мен мән-жайын анықтап, жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети