12 маусым 2023 09:13

"Өрт сөндіруге кетіп, оралмаған". Абай облысында тағы бір адам іздестіріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/oo_osa_semey_vko Фото: instagram.com/oo_osa_semey_vko

Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде тағы бір адам жоғалып кетті. Жоғалып кеткен ер адамның жақындары іздеу жұмыстарына көмектесуді сұрап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде тағы бір адам жоғалып кетті. Жоғалып кеткен ер адамның жақындары іздеу жұмыстарына көмектесуді сұрап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамның жоғалып кеткені туралы хабар oo_osa_semey_vko Instagram-парақшасында пайда болды. Жазбадағы мәлімет бойынша, 1987 жылы туған Архипов Сергей Николаевич Абай облысындағы өртті сөндіруге көмектесуге кеткен. Ол 9 маусымнан бері хабарсыз.

"Іздеу жұмыстарына көмектесуді сұраймыз. Трактор нөмірі F 937 ARE. Өртті сөндіруге көмектесуге кеткен. Соңғы рет 9 маусымда байланысқа шыққан. Одан бері хабар-ошарсыз кетті. +7 771 582 2159 нөміріне хабарлассаңыздар", - делінген хабарламада.

Абай облысының әкімдігі ақпаратты растады: 11 маусымдағы жағдай бойынша ер адам байланысқа шықпаған.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысындағы өрт салдарынан 14 адам жоғалып, артынша олар өлі табылған болатын. 12 маусым Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети