21 сәуір 2015 11:18

Өскеменде қараусыз қалған үйден табылған әйел адамның аты-жөні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Yk-news.kz @Yk-news.kz

Өскеменде қараусыз қалған үйден табылған мәйіт 2015 жылдың қаңтарында жоғалып кеткен Ново-Ахмирово ауылының тұрғынына тиесілі болып шықты, - деп хабарлайды YK-news.kz. ШҚО Ішкі істер департаментінің мәліметінше, іздеу туралы арызды өлген әйелмен бірге тұратын азамат берген.

Басылымның хабарлауынша, полицейлер іздеу жұмыстарын жүргізген. Іздеу салынған 1974 жылғы әйел табылмаған соң, ол хабарсыз кеткендер қатарына қосылды. Мәйітті екі адам кездейсоқ тауып алған. Мамандар сараптама жүргізіп, өлген әйелдің ішімдіктен уланғанын анықтады.

Еске сала кетейік, Өскеменде қараусыз қалған үйден күшіктерді құтқарғысы келгендер адам мәйітін тауып алғаны хабарланған болатын. Өлген денені тапқандар полицейлерге хабарласуға қорқып, оқиғаны журналистерге баяндап берген. "Біз Желіден салынып бітпеген үйде күшіктердің бар екенін білдік. Мен сүйіктіммен бірге оларды тауып алғымыз келді. Бірінші үйге тексеру үшін кірдік, сонда өліп қалған әйелді көрдік", - деді Өскемен тұрғыны. Осыдан кейін журналистер полицияға хабар берді. Айта кетейік, мәйіт табылған үйде балон бояуымен "Мұнда олардың ақыры" деген сөз жазылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети