Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Өскеменде қатты желден аялдама құлады: зардап шеккендер бар 29 маусым 2022, 08:49

Өскеменде қатты желден екі қыздың үстіне аялдама павильоны құлады, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видео кадры Видео кадры

Өскеменде қатты желден екі қыздың үстіне аялдама павильоны құлады, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Гагарин бульвары және Өтепов көшелеріндегі аялдама павильоны құлап, 10 және 12 жастағы екі қыз зардап шеккен. Қазіргі уақытта олар қалалық ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Қатты жел қаладағы бірнеше ағаш пен екі аялдаманы құлатқан. 

"Барлық жерге "Таза Өскемен" кәсіпорнының мамандары аттанды. 10 бригада арнайы техникалармен жолдарды, көшелерді тазартты. Гагарин бульвары аялдамасының павильоны "ҚазӘлем" атты мердігер компанияның кепілдігінде. Өтепов аялдамасына "Таза Өскемен" мекемесі қызмет көрсетеді. Осы екі жағдай бойынша жауапты ұйымдардың кінәсі бар-жоқтығын анықтау үшін ішкі аудит жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram