22 желтоқсан 2021 09:05

Өскемендегі 6 жасар қыздың өлімі: 3 күнде 85 қаңғыбас ит атылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайғылы оқиға болған үй маңынан үлкен іздер табылды. © yk-news.kz Қайғылы оқиға болған үй маңынан үлкен іздер табылды. © yk-news.kz

Өскеменде қаңғыбас иттерді жаппай ату басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Өскеменде қаңғыбас иттерді жаппай ату басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Белгісіз жануар шабуылынан қыз қайтыс болған қайғылы жағдайдан кейін мамандар осындай шешім шығарған. Бұл оқиға 17 желтоқсанда "Красинец" бау-бақша серіктестігі аумағында болған еді. Сол жерден баланың денесі табылды. Алған жарақаттарына қарап, қызға жануар шабуыл жасағаны белгілі болды.

Қаңғыбас иттер төтенше жағдай болған Лесхоз ауылында ұстала бастады. Сонымен қатар, бұл жұмысты бүкіл қала бойынша жүргізу жоспарланып отыр.

Кейінгі үш күнде 85 ит атылғаны анықталды. Өскеменде осы мақсатқа биыл 17 миллион теңге, облыс бойынша 80 миллион теңгеден аса қаражат жұмсалған.

Басылым мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 24 мыңнан аса қаңғыбас ит пен мысық жойылған. Зоотехниктер мұндай шараға қарсы, бірақ ветеринария басқармасы қазір басқа шешім жоқ екенін мәлімдеді.

"Кейбір кезде азаматтар мен жануарлар құқығын қорғаушылар қарсылық көрсетеді. Алайда қаңғыбас ит бір адамға ғана емес, қоғамға қауіпті. Сондықтан бұл жұмысты учаскелік инспекторлармен бірге жалғастырып жатырмыз", - деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының басшысы Ертай Батхолдин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети