Өз ұлын зорлаған мектеп директоры туралы жаңа деректер шықты

08 Желтоқсан 2017, 12:37
0
Өз ұлын зорлаған мектеп директоры туралы жаңа деректер шықты -

Алматы облысында туған ұлын бірнеше жыл бойы зорлап келгені үшін сотталған бұрынғы мектеп дирокторына қатысты жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Директордың үстінен полицияға арызданған өз әйелі болып шықты. Әйел үлкен дəретін ұстай алмайтын ұлын дəрігерге көрсеткенінде, дәрігерлер сексуалдық жəбір көргенін айтқан. Осы жәйтті үйіне келіп күйеуіне айтқанында, күйеуі әйелін сабап тастаған екен.

Ал мектеп директорының әріптестері бұл жағдайға әлі де күмәнмен қарап отыр.

"Жоқ, сенбейміз. Өйткені ол директор ретінде жақсы атқарды. Жақсы мұғалім. Деңгейлік мұғалімдердің үш айлық курсынан өткен. Ауданда жарқын болашақ атты директорлардың қауымдастығы құрылған болатын. Соның жетекшісі болды. Қаншама әдістемелік көмек көрсетті", - дейді Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің аға әдіскері Айжан Тортаева.

Телеарна тілшісінің мәліметінше, осы жағдайдан кейін ауыл тұрғындары көшеге шығуға және балаларын мектепке жалғыз жіберуге қорқып отыр. Мектеп директорын мешіттен жиі көретін тұрғындар "сырты бүтін, іші түтін" болғанына сене алмай жүр екен.

"Оқушылар тұрмақ, біздің өзіміз мінезін көрмедік. Қатты сөйлегенін көрмегенбіз. Әлі де сенбейміз... Естігеннің өзінде қатты таңғалдық. Қазір де таңғалып отырмыз", - дейді ауыл тұрғындары. 

"Әрине, қорқынышты. Айтудың өзі ауыр. Онсыз да зорлау-қорлау көп заманда. Ал мектеп директорын естігенде мүлдем сене алмай қалдық", - дейді ауыл тұрғындарының бірі.

Өз баласын зорлаған директордың 15 жылдық еңбек өтілі бар болып шықты. Аты-жөні - Руслан Ислам. Төрт баланың əкесі шілде айында жұмыстан өз еркімен кеткен. Бұрын Талғар ауданында мұғалім болған екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай