Павлодар облысында бес көлікті соққан полицей жұмыстан қуылды

22 Тамыз 2017, 09:25
0
Павлодар облысында бес көлікті соққан полицей жұмыстан қуылды - © Instagram/tipavlo
© Instagram/tipavlo

Павлодар облысында мас күйінде бес көлікті соғып кеткен полицей жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер полицей жасаған жол-көлік оқиғасына қатысты жүргізілген қызметтік тергеудің қорытындысын айтып берді.

"Қызметтік тергеудің қорытындысы мен тәртіптік комиссияның шешіміне бойынша, ІІД басшылығының бұйрығымен Ақсу аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің инспекторы Мақсат Айтқазин қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Сондай-ақ, полициядағылар облыстық ІІД басшысының бұйрығымен полицейдің басшысының да жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

"Ақсу аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы мен оның кадрлық жұмыстар жөніндегі орынбасары әкімшілік жазаға тартылды. Әрқайсысына қатаң сөгіс жарияланды", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін мас полицейдің Павлодар облысы Ақсу ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің ауласында бес көлікті соғып кеткені жайлы хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасын жасаған адам өз көлігінен шыға алмай қалған. Жүргізушіні шығару үшін полицейлерге көліктің есігін сындыру керек болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай