01 тамыз 2021 09:26

Павлодар облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © ️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото © ️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысындағы тасжолда көліктер соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысындағы тасжолда көліктер соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 31 шілдеде сағат 17.30-да болған.

"Ленинский-Русская Поляна тасжолында Volkswagen Passat және Toyota Carina автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды", - деді ведомство өкілі.

Тағы үш адам зардап шеккен. Полицейлер мәліметінше, бұл екі көліктің жүргізушілері мен Toyota Carina жолаушысы. Олардың барлығы түрлі жарақаттармен Ертіс ауылының ауруханасына жеткізілген.

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, оқиға орнына жедел жәрдем дәрігерлері мен Ертіс аудандық орталық ауруханасының дәрігерлер бригадасы барған. Олардың айтуынша, 1970 және 1972 жылы туған екі әйел және 52 жастағы ер адам қайтыс болған.

"Ауруханаға 60, 50 жастағы екі ер адам және 1960 жылы туған әйел жеткізілді. Үшеуі де жабық ми жарақатын және контузия алған.

Екі ер адамға да кеуде омыртқасының сынуы диагнозы қойылған, әйелде жамбас пен бел омыртқасының жабық сынуы болған. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети