15 қараша 2022 18:00

Павлодар облысында оқушы қыз өгей әкесі тиіскенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында 12 жастағы мектеп оқушысы сексуалдық сипаттағы қысым туралы сабақтан кейін анасына өгей әкесі тиіскені туралы айтқан. Полицейлер соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында 12 жастағы мектеп оқушысы сексуалдық сипаттағы қысым туралы сабақтан кейін анасына өгей әкесі тиіскені туралы айтқан. Полицейлер соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жасөспірімнің анасы мектептегі сабақ пен мұғалімнің сауатты түсіндіруі арқасында қайғылы оқиғаның алды алынды деп есептейді. Әйелдің айтуынша, интим, жыныстық сипаттағы қысым және зорлық-зомбылық деген не екені айтылған сынып сағатынан кейін, қызы алты жасынан бастап әке деп атап жүрген өгей әкесі қорлағанын айтқан.

"Қызымның айтуынша, бұл бір жарым жыл бұрын болған. Ол кезде пәтерімізді жөндеген едік, біз оның төсегін қонақ бөлмеге шығардық. Сол күні кешке кенже қызымды жатқызуға кеткенімде, үлкені өгей әкесімен залда қалды, ол теледидар қарап, ал қызым телефонда отырған. Қызым әкесі төсекке отырып, сипалай бастағанын айтты, кейін бұл олардың құпиясы екенін айтқан. Қызым оны итеріп жіберіп, жуынатын бөлмеге қашып кеткен. Келесі күні ол оған ақша берді. Содан кейін маған үйге көмектесетінін, сіңілісін қарайтынын айтып, жиі ақша беріп тұратын болды. Қызымның әңгімесін тыңдап отырып, ол өгей әкесінің әрекетін түсіндіре алмайтынын байқадым. Қазір көп адам: "Ой, бұл баяғыда болған" дейді және тергеу де соны алға тартады. Ол кезде бала мұның қысым екенін, жаман екенін білмеді", - дейді қыздың анасы.

Сол күні кешке әйел күйеуін қуып жіберген, ал бірнеше күннен кейін полицияға барып арыз жазған және сол кезде ажырасуға өтініш берген.

"Ол осы қорқынышты оқиғаны мойындағаннан кейін қызыммен бірнеше күн сөйлестім. Одан да қорқынышты нәрсені естуден қорықтым, ол маған бәрін айтпаса деп ойладым. Бақытымызға орай, күйеуім оған зиянын тигізіп үлгермеген. Бала одан әрі үнсіз қалса, не болуы мүмкін екенін елестету тіпті қорқынышты. Қызыма бәрін айтып бергеніне, балаларға қажет әрі маңызды ақпаратты дұрыс жеткізе алған және сол арқылы отбасымызда болуы мүмкін оқиғаның алдын алған сынып жетекшісіне алғыс", - дейді мектеп оқушысының анасы.

Ал ер адам ешнәрсеге кінәлі емесін айтып, әйелін жала жапты деп айыптаған.

"Біз екі сараптамадан өттік. Қызым алда полиграфтан өтуі керек. Мен балама сенемін. Ана ретінде баламның қиялын өтіріктен немесе жала жабудан ажырата аламын. Күйеуім, әрине, бәрін жоққа шығарып отыр. Кенже қызымызды балабақшадан алып жатқанда оны менен алып кетуге тырысты. Қызымды көрсетуге тыйым салды деп, қамқоршылық органдарына шағымданды. Болған оқиғадан кейін оған қалай сенемін? Ертең ол туған қызына да тиіссе. Ол маған, туыстарыма қауіп төндіре бастағаннан кейін қорғаныс туралы бұйрық шығаруды өтіндім. 28 қарашада оның мерзімі бітеді. Бірақ осы уақыт ішінде қорлау, қорқыту туралы хабарлама алып жүрдім. Ол әртүрлі телефон нөмірінен қоңырау шалып, хабарлама жібереді", - дейді әйел.

Павлодар облысының Полиция департаменті Павлодар облысы тұрғынының өтініші бойынша ҚР ҚК-ның 124-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бұл бап санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Тергеу жүріп жатқанымен, оқушы қыздың өгей әкесі әлі бостандықта жүр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети