01 мамыр 2022 13:20

Павлодар облысында пойыз шатырында селфи жасамақ болған қыз токқа түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында пойыз шатырында селфи жасамақ болған қыз токқа түсті. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында пойыз шатырында селфи жасамақ болған қыз токқа түсті. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің сөзінше, оқиға 30 сәуірде болған. Сағат 22.10-да электржарақат алған қыз туралы ақпарат түскен. 8 минуттан кейін дәрігерлер келген. 

2004 жылғы қыз бірден ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің сөзінше, қыздың жағдайы ауыр. Қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. 

"Бүгін науқас Павлодардағы №1 аурухананың күйік бөліміне ауысады. Куәгерлердің сөзінше, қыз пойыз шатырына селфи жасау үшін шыққан", - деді ведомство өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети