07 сәуір 2022 09:43

Павлодарда бала уланды: фармацевт дәрілерді шатастырып алған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда фармацевт дәрі-дәрмектерді шатастырып алып, салдарынан 3 жасар бала антидепрессанттармен уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Павлодарда фармацевт дәрі-дәрмектерді шатастырып алып, салдарынан 3 жасар бала антидепрессанттармен уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға кішкентай баланың улану дерегі бойынша қоңырау түскен.

"Қала тұрғыны Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінде дәрігер жазып берген рецепт бойынша 3 жасар балаға дәрі-дәрмек сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін баланың жағдайы нашарлап, құса бастаған. Павлодар қаласының тұрғыны дереу жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға "антидепрессанттармен улану" диагнозымен жатқызылған. Кейін фармацевт қала тұрғынына дәріні қателесіп сатқаны белгілі болды", - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 317-бабы ("Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети